Өзбекстан Президенті АҚШ-қа келді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптың шақыруымен 4 қараша күні жұмыс сапарымен Вашингтон қаласына келді.

    «Эндрюс» әуе базасында Мемлекет басшысын АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау, АҚШ–Өзбекстан Сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

    Сапардың негізгі іс-шаралары 5–6 қараша күндері өтеді. Өзбекстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен кездеседі және Орталық Азия елдері мен АҚШ басшыларының «С5+1» форматындағы саммитіне қатысады.

    Бағдарлама аясында АҚШ Конгресі және Үкімет өкілдерімен келіссөздер өткізу, елдің жетекші компанияларының басшыларымен жеке кездесулер және іскер топтар қатысатын дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланған.