Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 11 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды жоғарғы деңгейде жасалған келісімдер аясында одан әрі дамыту және нығайту мәселелері талқыланды.

    Тараптар тауар айналымының өсім қарқынын сақтап қалу, экономика саласындағы басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты, соның ішінде энергетика саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету, өңірлер арасындағы іскерлік байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейтуге ерекше назар аударды.

    Биыл 22 қазан күні Мәскеу облысында өткен Өзбекстан мен Ресей өңірлері кеңесінің екінші отырысы нәтижелі болғаны атап өтілді.

    3 желтоқсан күні өтетін Өзбекстан–Ресей Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын және оның аясында ұйымдастырылатын бірлескен бизнес форумды тиімді өткізу маңызды екені айтылды.

    Сондай-ақ халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, алдағы іс-шаралардың жоспары талқыланды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates