Өзбекстан Президенті Бельгияға барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Еуропа кеңесінің Президенті Антониу Кошта мен Еуропа комиссиясының Президенті Урсула фон дер Ляйеннің шақыруымен 23 қазан күні ресми сапармен Брюссель қаласына барады.

    Мемлекет басшысы Бельгия астанасында Еуропалық Одақ басшыларымен келіссөздер өткізеді. Кездесуде көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кеңейту мәселелері талқыланады.

    Сапар барысында Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасында Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою көзделген.

    Бұдан бөлек, Өзбекстан Президентінің Бельгия Королі Филипппен, сондай-ақ Еуропаның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates