Өзбекстан Президенті жұмыс сапармен Тәжікстанға барды

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен бүгін осы елге жұмыс сапарымен барады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы 9–10 қазан күндері Душанбеде өтетін «Орталық Азия – Ресей» форматындағы екінші саммитке, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті жиынына қатысады.

    Күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер енгізілген.