Мемлекет басшысы Түркия көшбасшысына зор денсаулық, бақ-береке, мемлекеттік қызметінде табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Президенттер сондай-ақ бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айымен бір-бірін құттықтады.

Сондай-ақ биыл қаңтар айында Анкара қаласында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Түркия арасындағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Мемлекетаралық ынтымақтастықта жоғары деңгейге қол жеткізілгені атап өтілді. Жақында өткен Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы екіжақты қатынастарды сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көтергені айтылды.

Әзірленген «жол карталары» негізінде кооперациялық жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Көшбасшылар халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасып, алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.