Мемлекет басшысы Душанбе қаласында өтетін «Орталық Азия – Ресей» форматындағы екінші саммитке және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Күн тәртібінде көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілету, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы кооперация, сондай-ақ белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібі мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті қырларын талқылайды.
Саммиттердің қорытындысында практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен құжаттар мен қаулылар қабылдануы көзделген.









