"БелАЗ"шы — Азиз Юсуповтың "Малибуы" бары рас екен

    Күні кеше Президентіміз Алмалық кен-металлургия комбинатынның жаңа мысты байыту фабрикасының ірге тасын қою шарасынан соң тау-кен өнеркәсіп техникасын көріп, самосвал жүргізушісімен сұхбаттасқан еді.

    Ташкент облысы әкімдігінің ақпарат қызметінің басшысы Хамза ЖУМАЕВ "БелАЗ" жүргізушісі Азиз Юсуповке сұхбат кезінде алынған суретті тапсырып, бұл жөніндегі өз пікірлері әлеуметтік тармақтардағы парақшалары арқылы бөлісті.

    Алло, ассалаумағалейкүм, Азизбек, БелАЗ жүргізушісі сіз бе?

    Ассалаумағалейкүм, иә менмін. Не қызмет аға?

    Сізге Президентіміз атынан бір нәрсе беріп жіберді. Осыны тапсыруым керек, қай жерде көрісе аламыз? Мен Алмалыққа кіріп келе жатырмын.

    Рас па? Зор ғой! Бірінші бағдаршамнан өткеннен кейін тоқтап тұрамын ақ "Малибуда"…

    ...Күні кеше Президентіміз әңгімелескен Азиз Юсуповты бүгін бүкіл еліміз таныды. Әлеуметтік тармақта бұл жағдай туралы түрлі пікірталастарға себеп те болды.

    Мен әдей,леп бұл жігіттің "Малибуын" және жүргізушілік куәлігін суретке алдым.

    Барлығы бар , барлығы шын. Бүгін "сценарий" түзіп, жұртшылықты сендіру мүмкін емес. Бұл әдістің дәуірі өткен.

    Шынында да еңбектің арқасында тыныш жасап, арман- тілектері орындалған адамдар көбеюде.

    Біз адал және ақкөңіл халықпыз. Көшбасшымызды да өз ішімізден сайлап, оған сенім білдіргенбіз. Солай екен, жоғарыдағы қасиеттер ол адамда да бар екеніне сенеміз.

    Ашығы, осы "белазшы" жігітке әуесім келеді. Дәл осындай сурет менде жоқтығына өкіндім. Бірақ, оны тапсырудың да жағымды жағы да бар екен.

    Айтқандай, бұл жауапкершілікті маған тапсырған Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадовқа рақмет!