Мемлекет басшысы Гүлістандағы оқиғадан зардап шеккендердің жағдайынан хабар алды

    Президент Шавкат Мирзиёев Республика шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығының Сырдария облыстық филиалына барды.

    Бұл жерде екі күн бұрын Гүлістан қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде газ баллоны жарылысы салдарынан жарақат алған азаматтар емделіп жатыр.

    Орталық басшылығы мен дәрігерлер Президентке науқастардың жағдайы және емдеу барысы туралы ақпарат берді. Мемлекет басшысы келеңсіз оқиға салдарынан түрлі дәрежеде дене жарақатын алған азаматтар ем алып жатқан палаталарға кіріп, олардың халін білді, туыстарымен сөйлесті.

    Президентіміз жауапты басшыларға зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмекті толық әрі үздіксіз көрсету жұмыстарын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтып, оларға материалдық көмек көрсету қажеттігін атап өтті.

    Жауапты азаматтарға оқиғаның себебін жан-жақты зерттеу, заң үстемдігін қамтамасыз ету, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігі бойынша бақылауды күшейту міндеті жүктелді.