3-мыс байыту фабрикасының құрамындағы бұл корпус жылына шамамен 917 мың тонна мыс концентратын өндіру қуатына ие. Мұнда заманауи өнеркәсіп пресс-фильтрлері, сорғы агрегаттары, шлам және су айналым жүйелері орнатылған. Жабдықтар халықаралық стандарттар бойынша өндірілген және жоғары өнімділік пен энергия үнемділігімен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, корпусқа орнатылған жалпы 5 пресс-фильтрдің 3-і толық іске қосылған, қалған 2-сі іске қосуға дайындалуда.

Фильтрлеу корпусында флотациядан келген мыс концентратын қабылдау, концентратты қоюлату және фильтрлеу, тазаланған суды бөліп алу және қайта өңдеуге қайтару, дайын мыс концентратын сақтау немесе келесі қайта өңдеу кезеңіне өткізу сияқты технологиялық процестер орындалады.

Қазіргі таңда мұнда шамамен 130 қызметкер еңбек етуде.

Мемлекет басшысы жұмыс барысын және дайын өнімді тамашалады, қызметкерлермен әңгімелесті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен осы жерде мыс концентратыннан сынама алу рәсімі өткізілді. Сынамалар екі бөлек ыдысқа салынып, Алмалық комбинатының музейі мен Ташкенттегі Мемлекеттік геология музейіне жіберілді.