Қаршыда шетелдік кардиохирургтардың қатысуымен күрделі хирургиялық операциялар жасалды

    Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Маринский қалалық ауруханасының кардиохирургиялық бөлімінің бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Видади Эфендиевтің қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

    Республикалық мамандандырылған кардиологиялық ғылыми-іс жүзіндік медицина орталығының Қаршы филиалында Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Маринский қалалық ауруханасының бөлім бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Видади Эфендиевтің қатысуымен шебер сабақтары өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

    Алға қойылған мақсат – Қашқадария облысында сирек кезесетін түрдегі кардиохирургиялық тәжірибелерді кең жолға қою, филиал мамандарының өз бетінше жүзеге асыруына негіз жасау екені атап өтілді.

    Екі күн бойы Видади Эфендиев пен жергілікті кардиохирургтар бірігіп жалпы 6 науқасқа күрделі ота жасады.

    - Ресейлік әріптесіміздің тәжірибесімен танысу филиал мамандары үшін үлкен мүмкіндік болды, - дейді медицина ғылымдарының кандидаты Адхам Жалилов. — Жұмыс істеп тұрған жүректе аорта-коронарлық шунттау, митральды стенозды жою, гипертрофиялық кардиомиопатиямен ауыратын науқасқа «Морроу операциясы», аортал қақпақшасын протездеу және митральды қақпақша комиссуротомиясы сияқты күрделі түрдегі опарецияларды нәтижелі әрі асқынуынсыз жасадық.

    Ақпарат үшін, Маринск қалалық ауруханасы Санкт-Петербург қаласындағы педиатриялық медицина университеті, Академик И.П.Павлов атындағы мемлекеттік медицина университеті және медицина академиясы сияқты беделді оқу орындарының ғылыми-практикалық, оқу және клиникалық базасы болып табылады.