Қаршы қаласында облыстық жәрмеңке өтті

    Ел назарында 17 Noyabr 2021 1755

    Қашқадарияда өткен аймақтық жәрмеңкеде жергілікті кәсіпорындармен 434,4 миллиард сумға 249 келісімшарт жасалды.

    Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қашқадария облыстық әкімдігінің және «Узбекнефтгаз» АҚ-ның бастамасымен биыл 11-12 ноябрь күндері Қаршы қаласында өткен жәрмеңке барысында жергілікті кәсіпорындардың өкілдерімен, шетелдік инвесторлармен және ғылыми мекемелердің өкілдерімен маңызды кездесулер өткізіліп, салмақты нәтижелерге қол жеткізілді.

    Бұрын хабарлағанындай, жәрмеңкеге шет мемлекеттерден және еліміздің барлық аумақтарынан 900-ға жуық қатысушы қатысып, мұнай-газ кәсіпорындарының қатысқаны да маңызды болды.

    Атап айтсақ, «Узбекнефтгаз» АҚ бастамасымен биылғы жәрмеңкеге алғаш рет «Махсусэнергогаз» АҚ, «Жиззах Петролиум» БК, «Узнефтегаз Бұрғылау істері » ЖШҚ, «Узнефтегаз ұңғымаларын жөндеу» АҚ, «Әндіжан ұңғымаларын жөндеу» АҚ , «Узбеккимёмаш зауыты» АҚ сияқты жетекші жергілікті мұнай-газ компаниялары, сонымен бірге Eriell, Enter Engeneering (Сингапур), «Taтнефть», « Хромос Инжиниринг» ЖШҚ, «Идельмаш», «Полати» (Ресей Федерациясы), Wika, NTCS Group » (Қазақстан) сияқты шетелдік компаниялар да өз стендтерімен қатысты.

    Жәрмеңкеде «Узбекнефтгаз» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылған «Узқоргазкемикал» БК, «Гиссарнефтегаз» БК, «Natural gas stream» БК, «Азия Транс Газ» БК, « Кўкдумалоқгаз» БК, ««New silk road» БК біріккен кәсіпорындары өндірген өнімдер мен көрсетілетін қызметтер, олардың көрсеткіштері мен болашағы зор жобалар көрсетілді.

    Жәрмеңке барысында «Узбекмұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Мехриддин Абдуллаевтың жиырмаға жуық қатысушымен тікелей жергіліктендіру және салааралық кооперацияны кеңейту бағытында іс жүзіндік кездесулер өткізіп, жалпы 327 нақты келісімге қол жеткізілді.

    Жәрмеңке нәтижесінде «Узбекнефтгаз» АҚ кәсіпорындары тарапынан өнеркәсіп қажеттіліктері үшін 2021-2022 жылдарда өнімдер, қосалқы бөлшектер, материалдар мен қызметтерді жергілікті кәсіпорындар тарапынан жеткізіп беру бойынша 249 келісімшартқа қол қойылды, бірыңғай электронды кооперация порталы арқылы модерацияға берілді.

    Осы келісімдер аясында мұнайгаз өнеркәсібіне қызметтер көрсету, сүзгілер, өнеркәсіптік майлар, герметикалық және бақылау құрылғыларын, химиялық заттарды, манометрлер мен өлшегіштер, подшипниктер, бентонит, барит, манжеттер, резеңке техника және электротехникалық бұйымдарды, өрт сөндіргіштерді және тағы басқа да өнімдерді жергілікті кәсіпорындар тарапынан жеткізіліп берілуі көзделген.

    Бастапқы есеп-қисаптарға қарағанда, аймақтық өнеркәсіп жәрмеңкесі аясында жергіліктендірілген өнім мен қызметтерді олардың импорттық баламасымен салыстырғанда орташа есеппен 138 миллиард сум қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар «Узбекнефтгаз» АҚ жүйесінде импорт өнімдеріне тәуелділікті азайту мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен 78 ынтымақтастық меморандумға қол қойылды, оның аясында жаңа өнімдердің түрлерін біргелікте өндіруді ұйымдастыру, кәсіпорындарда зертханалық және өндірістік-тәжірибелік сынақтан өткізу және кейіннен сатып алуға дайындау істері жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates