Осының негізінде Қаршы қаласында «Қарақалпақ әдебиетінің күндері» басталды. Қаршы мемлекеттік университетінде қарақалпақстандық қонақтарды музыка әуенімен салтанатты түрде қарсы алды.
Шарада Өзбекстан Жазушылар ұйымы төрағасының кеңесшісі, ақын Салим Ашур мұндай әдеби конференциялардың өткізілуі екі халық арасындағы өзара достықты одан әрі нығайтуға қызмет ететінін айтты. Содан соң, Өзбекстанның халық жазушысы, Қарақалпақстанның халық ақыны, Қарақалпақстан Жазушылар ұымының төрағасы Кеңесбай Каримов сөз сөйлеп, осы әдеби байланыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, шарада Өзбекстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын Бахтиёр Генжемуратов, Өзбекстан Жазушылар ұйымының жауапты қызметкері, Қарақалпақстанның халық ақыны Рустам Мусурмон, Қарақалпақстан халық ақыны Халила Даулетназаров, Өзбекстан Жазушылар ұйымының Қашқадаря обыстық бөлімінің басшысы Ғулом Абдиев және т.б. сөз сөйледі.
Қашқадарияда «Қарақалпақ әдебиеті күндері» жалғасуда.