«Самми Офер» стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудегі есепті алаң иелері ашты. 45-минутта Омер Ацили екі ойыншыны алдап өтіп, Стас Покатилов қорғаған қақпаға гол соқты. Ал «Қайрат» есепті екінші таймда теңестірді. 76-минутта Небойша Косович асырған бұрыштама добына Нұралы Әліп бірінші жетіп, көзге түсті.
Атақты бразилиялық легионер Вагнер Лав өзін көрсете алмады, бір мүмкіндік болды, ондада допты қақпадан асырып жіберді.
Осылайша бұл командалар бірінші ойында тең тарқасты. Енді жауапты кездесу 14 шілде күні Алматыда өтеді деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Бірінші іріктеуден өтсе, «Қайрат» келесі кезеңде сербиялық «Црвена звезда» командасы мен күш сынасады.