Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы кезекті ойынын Словакияға қарсы өткізді, Елхан Астановтын жеткізіп берген добын Аслан Дарабаев голға айналтырды.
Сонымен, 33-жасар «Астана» клубы жартылай шабуылшысы Аслан Дарабаевтың соққан жалғыз добы Қазақстан құрамасына жеңіс әперді. Екі ойындан соң Қазақстан екі жеңіске жетіп, өз тобында жетекші болды, өйткені Әзербайжан мен Беларусь құрамалары ойыны 0:0 есебімен аяқталды.
Ресейлік бапкер Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасы жетекшісі ретіндегі алғашқы қадамдары құтты болды деуге болады, құрама жанкүйерлер құанышы ұзағынан болсын дейміз!