Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекарасының 3,7 километрі бойынша келісіп алды

    Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері мемлекеттік шекарасының 3,7 клометр жалпы бөлігіне келісіп алды. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Қырғызстан Республикасының Боткен облысының Боткен қаласында 2024 жылдың 30 январынан 5 февраль аралығында қол жеткізілген келісімге сәйкес, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау бойынша Қырғызстан-Тәжікстан үкіметі делегацияларының құқықтық мәселелері бойынша топографик жұмысшы топтары мен жұмысшы топтың кезектегі жиналысы өтті. Өткен жиналыста топографик жұмысшы топтардың Қызғызстан-Тәжікстан мемлекеттік шекарасының 3,71 километр бөлігін келісіп алды.

    Баспасөз қызметінің сенім білдіруінше, тараптар Тәжікстан аумағында болып өтетін кезектегі кездесуде қалған аумақтарды белгілеу жұмыстарын жалғастырады.

    Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекарасының ұзындығы 970 километрден сәл асады. 2002 жылдың декабрь айынан бастап оны делимитациялау (мемлекеттік шекарасын оның өту орнын сипаттау және оны картаға сызу) бойынша келіссөздер жалғасуда. Қазіргі уақытта шекара сызығының 90 пайызға жуығын мемлекеттер белгіледі, қалған учаскелері даулы саналады. Бұл мәселенің шешілмеуі екі республиканың жергілікті тұрғындары мен әскери қызметкерлері арасында бірнеше наразылықтарды тудырды деп хабарлайды tass.ru.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates