Ауыл шаруашылығында жаңа мобильді қосымша іске қосылды

    Карта арқылы залалданған алаңдар белгіленіп, карантин инспекторын шақыру және оның қызметі туралы «Инспекторды бағалау жүйесі» арқылы пікір қалдыруға да болады.

    Жер иелері, фермерлік шаруашылықтары, экспорттаушылар, импорттаушылар үшін жаңартылған арнайы «Агрокумакчи» арнайы мобильді қосымшасы іске қосылды.

    Бұдан былай фермерлер немесе диқандарға қажеттілік туындағанда телефон арқылы керекті ақпаратты ала алады. Бұл үшін «Агрокумакчи» мобильді қосымшасының өзі жеткілікті.

    Мобильді қосымшада

    Зиянды организмдер, арамшөптер туралы толық ақпарат;

    - оларға қарсы күресу бойынша ұсыныстар;

    - сынақтан өткен және тіркелген өсімдіктерді қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштар;

    - экспорт үшін ашылған базарлар;

    - аймақтарда жұмыс істейтін биолабораториялар;

    Топыраққа агрохимиялық талдау жүргізетін зертханалар;

    - өсімдік емханалары;

    - қораптайтын кәсіпорындар және басқа пайдалы ақпарат жинақталған.

    Карта арқылы залалданған жерлерді белгілеп, карантин инспекторын шақыру және оның қызметі туралы «Инспекторды бағалау жүйесі» арқылы пікір қалдыруға да болады.

    «Іздеу» менюсі көмегінде ақпараттарды оңай табады.