Қысқы демалыс мерзімі 2022 жылдың 24 январына дейін ұзартылды

    Білім 6 Yanvar 2022 3640

    Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі профессор-оқытушылар, ата-аналар мен студенттерге хабарландыру жасады.

    Онда айтылғандай, жоғары білім беру жүйесінің тарихында алғаш рет ректорлар, проректорлар, декандар және қаржы мәселелеріне жауаптылар үшін кәсіби біліктіліктерін арттыру және жаңа білім беру жүйесінде жұмыс бастау мақсатында үстіміздегі жылғы 10-24 январь күндері тәжірибелік семинарлар ұйымдастырылады.

    Бұл ретте жоғары оқу орындарының кредиттік-модульдік жүйеге толық көшуіне байланысты кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамын негізгі жұмыстан бөлек барлық жоғары оқу орындарында оқыту ұйымдастырылады.

    Бұл үдеріске жоғары оқу орындары жанындағы барлық кәсіптік оқу орындары мен академиялық лицейлердің басшылары да жұмылдырылады.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, 2021/2022 оқу жылының екінші жарты жылдығын толық дайындықпен бастау мақсатында жоғары және кәсіптік білім беру мекемелері, академиялық лицей студент-оқушылары үшін қысқы демалыс мерзімі 2022 жылдың 24 январына дейін ұзартылды.

    Өз кезегінде, қысқы демалыс кезінде жоғары және кәсіптік оқу орындары, академиялық лицей студенттерінің уақыттарын мазмұнды өткізу мақсатында жоғары оқу орындарының ректорларымен бірлесе отырып, онлайн-жаратылыстану олимпиадалары, интеллектуалдық викториналар ұйымдастырылады.

    Барлық жастарымызды осы іс-шараларға қатысуға және өз мүмкіндіктерін көрсетуге шақырамыз!

    Студент-оқушылардың оқу орындарынан үйлеріне қайтуына қолайлы жағдай жасау мақсатында әуе және теміржол билеттеріне 50% жеңілдік мерзімі 2022 жылдың 24 январына дейін ұзартылды.

    Ең бастысы – 2022 жылдың 11 январына дейінгі мерзімге сатып алынған әуе және теміржол билеттері тиісті мерзімге тегін ауыстырылады.

    Осы мәселелерді үйлестіру мақсатында Министрлікте Арнайы штаб құрылып, барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша төмендегі сенім телефондарына (10-06, 71-246-97-45, 71-246-28-63) хабарласуға болады!

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates