Комитет мәжілісінде Омбудсманның есебі алғашқы оқылуда қаралды

    Ел назарында 28 Fevral 2024 1258

    Бүгін, 28 февральда Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің мәжілісі өтті.

    Онда кезектегі, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары бойынша өкілінің (омбудсманның) 2023 жылғы қызметі туралы есебі алғашқы оқылуда қаралды.

    Комитет мәжілісінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары жөніндегі өкілі (омбудсман) тарапынан 2023 жылы жаңа конституциялық ережелер негізінде адам құқықтары, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетті арттыру бойынша бірқатар істер жүзеге асырылғаны айтылды.

    Атап айтқанда, Омбудсман атындағы Өзбекстан Республикасы азаматтарынан, шет мемлекеттердің азаматтары мен омбудсмандарынан, азаматтығы жоқ тұлғалардан, қоғамдық ұйымдары мен тағы басқа да заңды тұлғалардан келген өтініштер 2023 жылы 18 622 -ні құраған.

    Омбудсманға келген өтініштердің 1269-ы меншікке қол сұқпаушылық құқығына, 895-і еңбек ету құқығына, 407-сі экономикалық құқықты сот арқылы қорғау және 280-і тағы басқа да мәселелерге байланысты экономикалық құқықтар мен бостандықтарға қатысты өтініштер саналады.

    Сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік құқықтарының кепілденуі және олардың бұзылған құқықтарын тіктеуге келіп түскен 3586 өтініштің 344-і оң шешімін тапты.

    Азаматтардың Омбудсманға жазған өтініштері негізінде олардың мүдделеріне 1 847,2 миллион сум көлемінде қаржылардың өндірілуіне қол жеткізілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылаудан кейін қаралған мәселелер туралы Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates