Қоңырат ауданында заманалық әуежай құрылады

    Көлік 12 Yanvar 2022 1950

    Қоңырат ауданында барлық қолайлылыққа ие заманалық әуежай салынады. Бұл туралы Қоңырат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Айтуынша, Қоңырат ауданы әкімінің 2021 жылдың 13 декабріндегі Қоңырат ауданы аумағында әуежай құру үшін жер бөліп беру туралы Құрылыс министрлігіне және басқа да құзырлы мекемелерге өтініші қанағаттандырылды және Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 21-28-13-санды қаулысымен бекітілді.

    Қаулыға орай әуежай құрылысына Қоңырат ауданынан әуежай салу үшін 256,0 га жер бөлінді.

    Салынуы жоспарланған әуежайда ұшақтарға және жолаушыларға барлық жағдай жасалады.

    Әуежай аумағында ұшу-қону алаңы, демалыс бөлмесі, асүй, сауда үйі және демалыс орындары салынады.