Заңмен Мемлекеттік туды пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Ел назарында 23 Iyun 2023 2577

    Сенаттың қырық екінші жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңды сенаторлар қызу талқылады.

    Осы Заңды Олий Мажлис Заң шығару палатасының бір топ депутаттары заң шығару бастамасы негізінде, қазіргі заманның шындығын, азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып әзірлеген.

    Атап өтілгендей, бүгінде еліміздің әлем аренасындағы беделі артып келе жатқаны, әсіресе мәдениет, спорт және ғылым-білім салаларында үлкен жеңістіктерге қол жеткізіліп, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Туы дүниежүзінде биікте желбіреп жатқанын ескеріп, оны пайдалану мүмкіндігін одан әрі кеңейту қажеттілігі туындайды.

    Осы қажеттілік негізінде қолданыстағы Заң бірнеше жаңа нормалармен толықтырылуда.

    Атап айтқанда, осы Заңмен Мемлекеттік туды спорттық жарыстарда, бұқаралық дене шынықтыру және мәдени шараларда, ресми халықаралық іс-шараларда, отбасылық мерекелерде, еске алу күндерін тойлауда, қоғам және мемлекет қайраткерлерін, әскери қызметшілерді жерлеуде және өзге де жағдайларда құрмет ретінде пайдалану мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.

    Сондай-ақ, тудың бейнеленген белгілерді пайдалануда да кең мүмкіндіктер жасалуда. Атап айтқанда, туды қоғамдық орындарда, ғимараттарда және өзге де нысандарда, тұрғылықты немесе жұмыс орындарында, көлік құралдарының салонында, ресми халықаралық іс-шараларда, әскери немесе өзге де мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың бас-киімдері мен ерекшелік белгілерінде, халықаралық спорттық жарыстары және Өзбекстан чемпионаттары үшін спорт киімдерін дайындауда пайдаланылуы мүмкіндігі көзделуде.

    Сонымен қатар, ту мен оның суреті бар белгілерді әдеп-ақылақ ережелері мен қоғамда жүріп-тұру ережелеріне қайшы түрде немесе оларды қорлау болып саналатын өзге де тәсілдерді пайдалануға жол берілмейтіні белгіленуде.

    Өз кезегінде, Сенат мүшелері Заңды талқылау барысында енгізген өзгерістер мен қосымшалар Мемлекеттік туды пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге, халықтың, әсіресе, жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін, мақтанышы пен отаншылдық сезімін арттырады, ең бастысы, халқымыздың тумен қарым-қатынасының одан да нығая түсетініне қызмет ететінін атап өтті.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates