Қазақстан Президенті айтуынша, «Өзбекстан Қазақстан үшін бауырлас мемлекет және сенімді серіктес, сондықтан біз қарым-қатынасымызды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Біздің одақтастық қарым-қатынастарымыз саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық және мәдени салаларда кең ауқымды қамтиды».
Тоқаев сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын одақтастық дәрежесіне көтеруге септігін тигізген Шавкат Мирзияевтың өткен жылдың декабрь айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелерін жоғары бағалады.
Өз кезегінде Н.Исмоилов Қ.Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп , Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың шынайы тілегі мен ыстық сәлемін жеткізді.