Форумда екі жақтың түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлері ортасында бірқатар тұсаукесерлер мен кездесулер өтті.

 Солар қатарында бүгінде Қарақалпақстан Республикасындағы ең ірі туристік кәсіпорындардың бірі «MUYNAKTOUR» ЖШҚ  директоры Амина Бегжанова да халықаралық форумға қатысып, Қарақалпақстанның  туризм әлеуетін және кәсіпорынның бүгінгі күндегі мүмкіндіктері туралы тұсаукесер өткізді және В2В форматтағы кездесуден соң кәсіпкер Қазақстанның жергілікті туризм кәсіпорындарымен өзара келісімшарт жасады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Қарақалпақстан Республикасы Туризм және спорт бас басқармасы мәліметіне сүйеніп.