Қошработтық 48 жастағы науқас әйелге өз інісінің бауыры көшірілді

    Самарқант мемлекеттік медицина университетінде Түркияның Стамбұл қаласындағы “Medical Park” медициналық орталығының мамандарымен бірлесіп бауыр трансплатациясы жасалды.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас Саида Нұрмуродова 48 жаста. Қушработ ауданынан. Бұдан 3 жыл бұрын оған ауыр – бауыр циррозы деген нақтама қойған. Содан соң мезгіл-мезгіл консервативті емдеу жүргізген.

    Алайда ем-дом күткен нәтиже бермеген соң, аталған университет клиникасының мамандарына жүгінген. Ауру соңғы кезеңге өткен соң, оны өмірге қайтарудың бірден-бір жолы ретінде бауыр трансплантациясы ұсынылған.

    Медициналық тексерулерден кейін науқастың 1977 жылы туылған інісі Аслиддин Алимовтің бауырының бір бөлігін трансплантациялауға көрсеткіштер тура келді.

    Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде жасалған ота 8 сағатқа созылды. Қазір науқас пен донордың жағдайы жақсы. Екеуі де дәрігерлердің бақылауына алынып, қажетті медициналық шаралар жалғасуда.

    – Осындай күрделі ота жасау үшін университетіміздің көпсалалы клиникасының Хирургия бөлімі жоғары технологиялық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, – дейді жоғары оқу орнының ректоры Жасур Ризаев. – Сондай-ақ, «№1 хирургиялық аурулар», «Анестезиология, реанимация және жедел жәрдем медициналық көмек» және «№1 ішкі аурулар» кафедраларының профессор-оқытушылары емхананың жетекші мамандарымен бірлесе отырып, Түркияның "Medical Park" медициналық орталығында бір жыл барысында білімдерін жетілдіріп қайтты.

    Жоспарға сәйкес, түрік мамандарымен қол қойылған меморандум аясында жақын арада бұл емхана жылына 50-ге жуық бауыр трансплантациясын жасауға мүмкіндік болады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates