Кездесу аясында Өзбекстан Республикасы аумағында интенсивті жеміс-көкөністі дамыту саласына Қазақстан  инвестицияларды жұмылдыру мәселелері талқыланды.

Келіссөздер соңында интенсивті жеміс-көкөніс дамыту бағытында ұсыныс жасалып жатқан жобаларды толық үйрену үшін жұмысшы топты құруға келісілді.

Іссапар барысында Қазақстан делегациясының өкілдері, сондай-ақ  Ташкент облысындағы «Golden Dried Fruits» компаниясының қызметімен және «TNA-Agroinvest» кәсіпорындағы  қызанақ өсіру барысымен де танысты.

Сонымен қатар, қазақстандық қонақтар Самарқант облысындағы бау-бақша плантацияларын және экспорттық өнімдерді жеткізуге мамандандырылған қайта өңдеу кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды  Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.