Қазақстан парламентімен ынтымақтастық байланыстар талқыланды

    Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Самарқант қаласында Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечинамен және Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаевамен кездесу өткізді.

    Диалог барысында соңғы жылдары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейге көтерілгені, барлық салалардағы байланыстар қарқынды дамып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

    Орталық Азияның жетекші әйелдері диалогының аймақтық платформасының жұмысын одан әрі жандандыру, Өзбекстан мен Қазақстанның іскер топтары, атап айтқанда іскер әйелдер арасында белсенді ынтымақтастықты жолға қою мақсатында Кәсіпкер әйелдер форумын өткізу туралы пікір алмасылды.

    Екі жобаның нәтижелі жүзеге асуы үшін парламенттер айрықша көпір рөлін атқаруы керектігі баса айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates