Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен даму болашақтарын талқылады.
Қазіргі кезеңде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік пен стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі келісімдерге сәйкес дәйекті түрде нығайып келе жатқаны терең ризашылықпен атап өтілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің елімізге бүгін басталған мемлекеттік сапарының ұйымдастырушылық және мазмұнды жақтарына ерекше назар аударылды. Бұл шара іс жүзіндік ынтымақтастықты тереңдету, елдеріміздің және бүкіл аймақтың тұрақты дамуына қызмет ететіні атап өтілді.
Келіссөздер барысында Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын қорытынды халықаралық-құқықтық ресімдеу мәселелері де талқыланды.
Өзбекстан-Қазақстан біріккен демаркациялау комиссиясының тиімді қызметі мен тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту және елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету үшін шекараны демаркациялауды аяқтаудың маңыздылығы атап өтілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.