Қазақстанда «Өзбек киносының күндері» өтеді

    Мәдениет 6 Dekabr 2021 2192

    Кинематография агенттігі Қазақстанда «Өзбек кино күндерін» ұсынады.

    6-8 декабрьде Қазақстанда «Өзбек киносының күндері» өтеді. Оған Өзбекстанның белгілі кинорежиссерлалерінен құралған өзбек делегациясы да қатысады. Кинематография агенттігі тапарынан суретке алынған өзбек фильмдері Қазақстанның ұлттық телеарналарында көрсетіледі. Өзбек телеарналары қазақтың ұлттық фильмдерін көрсетеді. Айта кетерлік жайт, мұндай жоба алғаш рет қолға алынып отыр.

    Аталмыш шарада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Қазақстанға іссапары аясында мәдени байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

    Шараның ашылу салтанаты Қуанышбаева атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрында өтеді, сондай-ақ шығармашылық кездесулер, дөңгелек үстелдер, киногерлермен шеберлік сабақтары, анимациялық және деректі фильмдердің қойылымымен жалғасады.

    Шараның бірінші күні Кинематография агенттігі мен «Ватан» киностудиясы тарапынан түсірілген режиссер Хилол Насимовтың «Мұра», ал басқа күндері Жахонгир Қасимовтың «Киномания» студиясы тарапынан түсірілген «Ибрат», Рашид Маликовтың «Тұтқында» фильмдерінің арнайы қойылымдары өтетіні көзделген.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл Өзбекстан мен Қазақстан өнерпаздары бірлесіп «Мұра» көркем фильмі мен «Абай сөзі» деректі фильмін түсірген болатын. «Өзбек киносы күндері» аясында ынтымақтастықтағы жаңа фильмдер «Көршілер» («Соседи») және «Эшелондар Шығысқа барады» («Эшелония идут на Восток») киножобалары талқыланады.

    Айта кетейік, 6 декабрь күні сағат 10:00-де Қазақстанның «Хабар» және «Ел арна» телеарналарында «Илхақ» және «Әлішер Науаи» фильмдері көрсетіледі. Өзбекстан телеарналарында «Небо моего детство», «Ореховое детство», «Каникулы оффлайн», «Жау жүрек мың бала» сынды қазақтың ұлттық фильмдері көрсетіледі, деп хабарлайды Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.