Қазақстанда өзбек киносының күндері аяқталды

    Мәдениет 9 Dekabr 2021 1637

    Кинематография агенттігінің бастамасымен 6-8 декабрьде Қазақстанда Өзбекстан киносының күндері өтті.

    Хилал Насимовтың «Мұра», Жахонгир Касимовтың «Ибрат», Рашид Маликовтың «Тұтқын» фильмдері арнайы көрсетілді. Өзбекстан делегациясының Қазақстанға сапары барысында Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі арасында меморандумға қол қойылды.

    Қазақ телеарналарында «Илхақ» және «Әлішер Науаи» фильмдері көрсетілді. Сондай-ақ өзбек телеарналарында «Небо моего детство», «Ореховое детство», «Каникулы оффлайн», «Жау жүрек мың бала» сынды қазақтың ұлттық фильмдері көрсетілді.

    Шараның жабылу салтанаты Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрында өтті. Онда өзбек және қазақтың ұлттық әндері мен билері орындалды, деп хабарлайды Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.