Президент Ұлттық статистика комитетінің есебімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 27 қараша күні Өзбекстан Республикасының Ұлттық статистика комитетінің есебімен танысты.

    Биылғы жылдың ақпан айында «Статистика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жүйесін жаңа деңгейге көтеру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Президент Жарлығы қабылданған еді. Осы жарлыққа сәйкес, Президент жанындағы Статистика агенттігі Ұлттық статистика комитеті болып қайта құрылып, статистика саласының тиімділігін арттырудың басым бағыттары белгіленді.

    Жиында өткен кезеңде атқарылған жұмыстар қаралды.

    Атап айтқанда, ведомстволар арасындағы деректер алмасу кеңейтіліп, 60 интеграция енгізілгені нәтижесінде есеп беру жүктемесі 27 пайызға қысқарды. Солар қатарында салық органдарының онлайн-касса мәліметтері, электр энергиясы мен табиғи газ тұтыну көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы егіс алқаптары мен өнім көлемі туралы деректерді автоматты қабылдау жолға қойылды.

    Жиында жалпы ұлттық өнімнің номиналды көлемін есептеуді жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

    Нарықтық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және бюджет шығыстарын статистикалық қамту ауқымын кеңейту нәтижесінде қосымша 81 триллион сумдық қосылған құн ескеріліп, 2024 жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ көлемі 115 миллиард доллардан 121,4 миллиард долларға дейін артты.

    Сонымен қатар, көлеңкелі экономиканың үлесі 2017 жылғы 50 пайыздан 2024 жылы 35 пайызға дейін төмендегені айтылды. Алдағы уақытта тағы 79 триллион сум көлеміндегі бейресми экономиканы статистикалық есепке енгізу арқылы көлеңкелі экономиканың үлесін 29 пайызға дейін қысқарту мүмкіндігі бар екені жеткізілді.

    Мемлекет басшысы жаһандық нарықта электронды сауда көлемі қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті. Елде бұл көрсеткіштің өсім қарқыны 9–11 пайызға жетуі күтілуде. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар, қашықтан көрсетілетін қызметтер мен фриланс сынды жаңа бағыттар да жылдам дамуда. Ұлттық статистика жүйесінің алдында осы салаларды да толық қамту бойынша маңызды міндеттер тұрғаны атап көрсетілді.

    Тұтыну бағалары индексін құру барысында деректерді қолмен жинау тәжірибесінен бас тартып, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект технологияларына кезең-кезеңімен өту қажеттігі айтылды.

    Ұлттық статистиканы заманауи және халықаралық деңгейде мойындалатын жүйеге айналдыру мәселелері де қаралды.

    Халықаралық «Deloitte» консалтинг компаниясы аясында 23 бастаманы және 70 жобаны әзірлегені сөз болды. Оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру статистиканың нақтылығы, жеделдігі және ашықтығын арттыруға қызмет ететіні атап өтілді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп 2030 жылға дейінгі мерзімге арналған статистиканы дамыту ұлттық стратегиясы әзірленіп жатыр.

    Келесі жылдың қаңтар айында басталатын халық санағы жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.

    Қазірге дейін 9008 махалла бойынша ұйымдастыру жоспары бекітілген, санауға қатысатын 60 мыңнан астам «махалла жетілігі» өкілдері мен жауапты қызметкерлерге арнайы оқу курстары өткізілді.

    Санау электронды түрде – арнайы портал арқылы жүргізіледі. Деректерді порталда санақ жүргізушілер үй-үйді аралап, планшет құрылғылары арқылы енгізеді. Жағдайлар геоақпараттық жүйе арқылы мониторингтен өткізіледі. Осы мақсатта саналатын пәтер мен тұрғын үйдің геомекенжайлары құрылды.

    Мемлекет басшысына өңірлерде осы бағыттағы дайындық жағдайы бойынша есеп берілді.

    Санау жұмыстарын әрі қарай жетілдіру жолдары, соның ішінде цифрлық платформаларды пайдалану дағдыларын арттыру, шетелге жұмысқа, оқуға немесе қызмет сапарына кеткен азаматтарды есепке алу, үйме-үй және онлайн жинақталған деректерді интеграциялау бойынша нақты шешімдер әзірлеу қажеттігі аталып өтті.

    Мемлекет басшысы нақты, жедел және сенімді статистика мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда маңызды фактор екенін атап өтіп, саланы стратегиялық тәсілмен трансформациялауды жалғастыруды тапсырды.

    Жауапты тұлғаларға халық пен ауыл шаруашылығын есепке алу іс-шараларын жоғары деңгейде өткізу бойынша нұсқаулар берілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates