Кейініг үш жылда салада орындалған жұмыстар, қаржыландыру көлемі және нақты нәтижелер туралы ақпарат берілді.
Осы кезеңде автожол саласына шамамен 40 триллион сум бөлініп, 63 мың километр жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Салаға шетелден тартылып жатқан қаражат көлемі 3 есеге өсіп, 2025 жылы 1,2 млрд долларға жетті. Жол салуда бірыңғай үлгілік стандарттардан бас тартып, әр өңірдің геологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай жобалау тәжірибесі енгізілді. Заманауи жабын түрлері өндіріліп, жолдардың қызмет ету мерзімі 1,5 есеге ұзартылды.
Таныстырылымда саладағы қолданыстағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен жоспарлар ұсынылды. Ең алдымен, жалпы пайдаланудағы және ішкі жолдар мен көпірлерді жөндеу, жаңаларын салу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен тиімді технологияларды пайдаланудың баяу екені атап өтілді.
Алдағы жылдары 21 мың километр жолды салу және жөндеу, 14 мың километр топырақ жолды тас төсеу, сондай-ақ 325 көпірді жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарға шетелдік сарапшылар мен технологияларды кеңінен тарту, озық стандарттар негізінде ұйымдастыру тапсырылды.
Межеден артық жүк таситын автокөліктердің қозғалысы нәтижесінде 1800 километр жолдың жөндеуді қажет ететін жағдайға келгені айтылды.
Осыған байланысты жүк көліктерінің салмағын бақылау үшін таразылар желісін кеңейту қажеттігі сөз болды. Қазіргі уақытта 9 таразы орнатылған, тағы 8-ін орнату жұмыстары жүргізіләп жатыр. Болашақта қосымша 35 жылжымалы және стационарлық бақылау-өлшеу бекеттерін құру тапсырылды.
Жауапты басшыларға салмақ және габарит бақылауына қатысты барлық процестерді қамтитын ведомствоаралық электронды ақпараттық жүйені іске қосу тапсырылды. Сондай-ақ, ауа райы жағдайларына сәйкес ауыр жүк көліктерінің қозғалысын маусымдық шектеу тәртібін әзірлеу ұсынылды.
Бүгінде жаңа жолдардың 61 пайызын, ал «Бастамашыл бюджет» аясындағы ішкі жолдардың 92 пайызын жеке сектор салып жатыр. Көп жылдар бойы мемлекеттік монополияда болған жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары да кезең-кезеңімен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке беріліп отыр.
Осы бағытағы жұмыстарды кеңейте отырып, келесі жылы 3 мың километр, 2030 жылға қарай 6,3 мың километр жолды күтіп-ұстауға кәсіпкерлерді тарту жоспарланған. Сондай-ақ Азия даму банкінің қатысуында 86 ауданда салынатын жолдарды толықтай жергілікті мердігерлерге беру қажеттігі айтылды.
Саладағы цифрландыру деңгейі төмен екені, қолданыстағы 59 қызметтің тек 20-сы ғана цифрландырылғаны атап өтілді. Келесі жылы 28 қызметті электрондық форматқа көшіру, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және 7 жаңа электрондық платформаны әзірлеу маңызды екені көрсетілді.
Таныстырылым соңында белгіленген міндеттер негізінде Өзбекстан автомобиль жолдарын 2035 жылға дейін дамыту стратегиясын әзірлеу тапсырылды.










