Шавкат Мирзиёев «Чиланзар» ауданындағы өнеркәсіп аймағымен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының «Чиланзар» ауданындағы өнеркәсіп аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

    Аталған аймақ «Бешқурған» және «Тирсакабад» махаллалары аумағында орналасқан болып, жалпы көлемі 320 гектарды құрайды. Кіші өнеркәсіп аймағы мәртебесіне ие бұл кешен Президенттің 2023 жылғы 3 шілдедегі қаулысы негізінде құрылған. Соған сәйкес, көлік, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымы жақсартылып, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалды.

    Бұл жерде халықаралық стандарттарға сай энергия үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз өндіріс қуаттары іске қосылған. Қазіргі таңда мұндай кәсіпорындар саны 531-ге жетті. Олар шамамен 20 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндірістік қуаттылығы да аз емес – жылына 6 триллион 800 миллион сум. Биыл бұл аймақтағы 50 кәсіпорын 180 миллион АҚШ долларына тең өнімді экспорттайды. Бұған дейін «Чиланзар» ауданында мұндай көрсеткіштер болмаған.

    Мемлекет басшысы осы аймақтағы «Tarleplast» кәсіпорнына барып, өндіріс барысымен танысты.

    Жобаның жалпы құны 25 миллион долларды құрацды. Кәсіпорынға Еуропаның жетекші компанияларынан 12 түрлі заманауи құрылғы жеткізіліп, орнатылған. Соның нәтижесінде жылына 90 мың тонна темір құбыр мен болат профильдер өндіру мүмкіндігі жасалды. Бұл өнімнің нарықтық құны – шамамен 900 миллиард сум. Кәсіпорында 120-ға жуық адам тұрақты жұмыс істейді.

    Маңыздысы – жоғары қысымға және сыртқы әсерге төтеп беретін құбырлар түрі, көлемі мен бағасы жағынан бәсекеге қабілетті. Мәселен, өткен жылы кәсіпорын 4 миллион доллар көлеміндегі өнімін Ресей, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанға экспорттаған. Енді экспорт географиясы одан әрі кеңейтілмек.

    Мемлекет басшысы өнеркәсіптік аймақта өндірілетін өнімдер көрмесін аралап, жақын болашақтағы өнеркәсіп жобаларының таныстырылымымен танысты.

    Атап айтқанда, көпқабатты өндіріс ғимараты мен моноорталық салу көзделген. Бұл арқылы қосымша 100 жаңа жоба жүзеге асады, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалар құрылыс, фармацевтика, электр техникасы, полиграфия, автокөлік жасау, тігін және тоқымашылық, кондитерлік өндіріс сияқты салаларды қамтиды.

    Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен әңгімелесіп, қосылған құны жоғары өнімдер өндіру, жұмыс орындарын көбейту, қызмет көрсету саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates