RFA компаниясы Өзбекстанда заңды тұлға ретінде тіркелді және қазіргі уақытта Шыршық қаласында «Зеро Риск» бағдарламасын пайдалануға ерекше қызығушылық танытып, IT-Park Uzbekistan резиденті мәртебесін алуға дайындалуда. RFA өзінің цифрлық қызметтерін шетелге экспорттау үшін жергілікті дарынды қызметкерлерді жұмысқа алуды жоспарлап отыр.
Кездесуде RFA қызметі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндіктері мен қосымша іс-шаралары талқыланды.
RFA бас директоры Ехан Ким Өзбекстанда бар мүмкіндіктерді, елдегі технологиялық зертханаларға деген қызығушылықты атап өтті. Оның айтуынша, Өзбекстан IT-жобаларды аутсорсинг жасау мақсатында жаңа операциялық кеңсе құру үшін тамаша орын саналады.
Өзбекстанда IT-орталығының ашылуы екі тарап үшін де маңызды қадам.
Бұл шара Өзбекстан үшін IT-қызметтер көрсету саласына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, елдің экспорттық әлеуетін арттырады және жаңа жұмыс орындарын ашады. «RFA» үшін жаңа орталық Өзбекстанның қолайлы бизнес-ортасын пайдалана отырып, аймақтық базарға стратегиялық шығу және IT-қызметтердің экспорттық ауқымын кеңейту болып табылады.
Мәлімет ретінде: RFA 800-ден астам хедж-қорларға, жеке капиталдық компаниялары, активтерді басқару компаниялар және инвестициялық менеджерлері үшін кең ауқымды технологиялық шешімдерді ұсынуға маманданған.
Ұсынылатын қызметтер арасында бұлтты шешімдер, IT -қызметін басқару, киберқауіпсіздік, деректерді басқару, қосымша қызметтер және басқарылатын анықтау және жауап беру жүйесі кіреді.
Компанияның штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, дүние жүзінде 15 кеңсесі бар (соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Люксембург, Испания, Франция, Үндістан, Сингапур, Филиппин және Жапония) және 300-ден астам адам жұмыс істейді.