Ресей-Беларусь шекарасында Өзбекстанға тиесілі жүк көліктері кептеліп қалды

    Көлік 15 Yanvar 2024 783

    Ресей Федерациясы жүк көліктерінің Ресей мен Беларусь шекарасынан өтуіне жаңа тәртіп енгізілді.

    2024 жылдың январь айынан бастап, Беларусь-Ресей шекарасындағы «Красная горка», «Рудня», «Красный камен» бақылау пункттерінен үшінші ел азаматтарының өтуіне шектеу қойылды.

    Жаңа ережеге сәйкес, екі елдің шекарасынан тек Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының азаматтары емін-еркін өте алады (кіреді және шыға алады).

    Бұл тәртіп автокөлігімен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге де қолданылады.

    Үшінші елдің (сонымен қатар Еуро Азия экономикалық одағына мүше елдер) азаматтары халықаралық жүк тасымалдау қызметін жүзеге асыратын жүргізушілер Ресей Федерациясына кіруі және мемлекетті тек шекаралық- бақылау пункттері арқылы шығып кетуі мүмкін.

    Жаңа тәртіп енгізілгеннен кейін үшінші ел, атап айтқанда Өзбекстан азаматтарының басқаруында болған жүк көліктерінің Ресей-Беларусь шекарасында топталып қалғаны байқалды.

    Бұл жағдай бойынша Өзбекстан Республикасы мен Беларусь және Ресей Федерациясының транспорт министрліктерінің басшылығы дәрежесінде талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің басшылығы осы жағдайды ұлттық тасымалдаушылардың мүддесін ескере отырып, Үкімет деңгейінде шешімін табу үшін дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates