Самарқанд халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Өзбекстан мен Ресей басшыларының келіссөздерінің күн тәртібінде стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
Президент Владимир Путин ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы іс-шараларына қатысады.