Ресей ғалымдары қанды тазартатын сорбент ойлап тапты

    Ресей Ғылым академиясының И.В.Гребенщиков атындағы Силикат химиясы институтының ғалымдары қанды токсиндерден, вирустардан және бактериялардан тазартатын сорбентті ұсынды.

    Синтетикалық комплекстер табиғи алюминосиликаттар негізінде модельденген.

    Алюминосиликаттар қаннан вирус пен бактерияларды сіңіруге қабілетті, сонымен қатар адам үшін қауіпті қоспаларды да қамтиды. Жаңа синтетикалық материал улы емес және қан жасушаларын жоймайды.

    Қауіпсіз және тиімді гемосорбенттер өндіру үшін ғалымдар магнийді алюминиймен алмастырды. Әзірлеме вирустар мен токсиндердің үлгілері ретінде пайдаланылған окситоцин және альбумин сияқты ақуыз молекулаларында сынақтан өткізілді.

    Тәжірибенің нәтижесі көрсеткендей, жаңа зат табиғи сорбенттерге қарағанда 2-4 есе көп зиянды заттарды сіңдіреді және ағзаға зиян келтірмейді. Бұл батыстық баламалармен салыстырғанда тиімдірек қана емес, сонымен қатар арзанырақ болып шықты. Болашақта сорбентті қан тазарту үшін ғана емес, күйіп қалу мен жараларды таңғыштар өндіруге де қолдануға болады, деп хабарлайды mir24.tv.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates