Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, құжатқа сәйкес, 2024/2025 оқу жылынан бастап «3+1» формасындағы «Мейірбике ісі» біріккен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, Самарқант мемлекеттік медицина университетінің студенттері АҚШ-тағы беделді университетте білім алуы мен біліктілігін арттыруы мүмкін.

Айтылуынша,Самарқант мемлекеттік медицина университеті АҚШ-тың Вебстер университетімен бірнеше жылдан бері ынтымақтастық жасап келеді.

Атап айтқанда, екі мекеме арасында «Медициналық биология» және «Жоғары мейірбике ісі» бағыттарыбойынша Америка стандарттарына негізделген білікті мамандарды даярлауға қолдау көрсету туралы келісімге қол жеткізілген.

Осы келісім аясында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға да қол қойылды, деп хабарлайды «Дунё» AA.