Самарқант жаһандық экологиялық диалогтың орталығына айналуда

    Жасыл планета 13 Fevral 2024 1033

    Самарқантта өтіп жатқан COP14 халықаралық конференциясы аясында Өзбекстан экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және ұйымның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы директоры Ингер Андерсенмен кездесті.

    Азиз Абдухакимов Самарқант жаһандық экологиялық диалогтардың орталығына айналғанын, өткен жылдың күзінде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық конференция (ICFS, ФАО), одан кейін CRIC21 сессиясы (UNCCD) өткенін атап өтті. Апрель айында Самарқантта халықаралық климаттың өзгеруі форумы өтетінін айтып, бұл шараға UNEP өкілдерін шақырды.

    «Бұл шараға 130 елден 1800-ден астам қатысушыларды, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау бойынша конвенцияларды және дүниежүзі бойынша жетекші мамандарды бірлестірді. Конференцияның ұраны – «Табиғат шекара білмейді», шынында да қоныс аударатын жануарлар үшін ешқандай шекара болуы мүмкін емес.

    Сондықтан да трансшекаралық ынтымақтастықты күшейту, табиғатты қорғау бойынша іс-әрекеттерді бірлестіруді жақтаймыз. Орталық Азияның аймақтық ынтымақтастығын дамыту үстем міндеттеріміз болып табылады, өйткені экологиялық тепе-теңдік, экожүйе және миграция түрлері аймақтық және жаһандық ынтымақтастықты қажет етеді», — деді ол.

    Кездесуде экологияны қорғау атқарылған істер, атап айтқанда, «Жасыл кеңістік» жобасы, Арал теңізінің түбіне ірі орман өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды. Бұл ретте, қоршаған ортаны қорғау механизмдерін одан әрі қатаң қолдап-қуаттау, баламалы энергия көздеріне көшу және экологиялық білім беруді күшейту маңызды екені айтылды.

    Министр 2024-2032 жылдарға арналған қоныс аударатын жануарлардың түрлері бойынша CMS стратегиялық жоспарын қабылдауды қолдап-қуаттады. Кездесу соңында ЮНЕП-пен ауа сапасының мониторингі, экологиялық стандарттарды жақсарту, шөлейттену мен жердің деградациясына қарсы күрес, пластикалық ластану мен ауыр пестицидтерді басқару, экологиялық білім және ақпараттандыруды арттыру сияқты салаларда ынтымақтастық жасау маңызды екені атап өтілді, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates