Самарқантта алғаш рет дыбыстық бағдаршам орнатылды

    Қауіпсіздік 26 Yanvar 2022 3208

    Көзі зағип жаяу жүргіншілерге қолайлылық жасау мақсатында Самарқант қаласындағы Садриддин Айни көшесіне алғаш рет «дыбысты бағдаршам» орнатылды.

    Республикалық Ішкі істер министрлігі тарапынан құрылған жұмысшы топ еліміздегі көзі зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарға жақыннан көмек көрсету мақсатында іс-шаралар жоспарын даярлады, – дейді Самарқант облыстық ІІБ -ның ақпарат қызметінің басшысы Ж.Сагдуллаев. — Соның негізінде облысымызда да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жуырда облыстық ішкі істер басқармасының басшысы Самарқант қаласындағы №59 көзі зағип балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылар және ұстаздармен сұхбаттасқанда олар мектеп-интернат алдындағы транспорт көп жүретін жолдан өтуде қиналып жатқандарын айтып, осы мәселеде көмек сұраған болатын.

    Облыстық ІІБ жол қозғалысы қауіпсіздігі басқамасы тарапынан орнатылған «дыбысты бағдаршам» жаяу жүргіншілерге әрбір шамның жанып тұрғанын және қозғалуға болатынын немесе болмайтыны туралы дыбысты хабар беріп, ескертеді.

    – Мектебіміздің алдындағы үлкен жолды кесіп өту бізге өте ыңғайсыз еді, қорқатынбыз, – дейді мектеп-интернаттың мұғалімі Зокир Махаматов. — Өйткені осы уақытқа дейін көліктердің даусын есіткенде олардың жақында немесе алыста екенін, болжамдап жолды кесіп өтетінбіз.

    Бұл бағдаршам бізге және оқушыларымызға үлкен қолайлылық туғызды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates