«Аумақтың 100-ге жуық өнертапқыш әйелі» апталығы аясында ұйымдастырылған бұл шара республикамыздың барлық аймақтарында өтуде. Мақсат – өнертапқыш әйелдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу, ғылыми жобалары жарамды болған өнертапқыш әйелдерге қолдау көрсету болып табылады.
Бүгінде облыста профессор-оқытушы әйелдер 1269-ды құрайды. Олардың негізгісі – СамМУ, СамМТУ, СамМШТИ оқытушылары. Сондай-ақ облыс бойынша жалпы 252 ғылым докторы болса, оның ішінде әйелдердің үлесі 13,5 пайызды құрайды, ал 1007 ғылым кандидаты болса, әйелдердің үлесі 26,6 пайызды құрайды.
2021 жылы Самарқант мемлекеттік медицина университетінде 24 ғалым, Самарқант мемлекеттік шет тілдер институтында 8 ғалым әйел PhD бойынша диссертация қорғаған. Бірақ бұл көрсеткіш облыстағы басқа жоғары оқу орындарында бұл көрсеткіш өте төмен.
Шарада Самарқант экономика және сервис институтының ғылыми жұмыстар және инновациялар бойынша проректоры Дилбар Асланова әйелдердің жалпы ғылыми дәрежесі үлесінің төмендігі мен ғалымдар арасында орташа жастың жоғарылығын сынға алды. Содан соң кәсіпкерлер мен ғалым әйелдердің баяндамалары тыңдалды.
«Өнертапқыш әйелдер – 2022» форумы үш күн бойы СамИСИ-да, содан соң СамМУ және СамМТУ-да өтті. Форум соңында жобалары лайықты деп танылған ғалымдар марапатталады.