Денсаулық сақтау министрлігінде Корея Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Ким Хи Сангпен кездесу өтті.

Шынайы және достық рухта өткен сұхбатта екі ел арасындағы медицина саласындағы өзара ынтымақтастық байланысты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов атап өткендей, Президент Шавкат Мирзияевтың 2021 жылдың 16-18 декабрь күндері Корея Республикасына сапары аясында екі ел басшыларының қатысуымен Денсаулық сақтау саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылғаны саланың дамыуына маңызды басқыш болуда.

Құжатқа сәйкес медицина саласындағы өзара қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілу айтуға тұрарлық.

Елімізде Корея Республикасының экономикалық даму және ынтымақтастық қорының (EDCF) қатысуымен құрылған Балалар ұлттық медициналық орталығы, Бұхарада жұмыс істейтін Химчан клиникасы екіжақты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.

Қуанарлық жайт,  ынтымақтастық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін  екі тарапта да мүмкіндік пен әлеует жеткілікті.

Сұхбатта Оңтүстік Кореяның Эксинбанкімен бірге астанамызда ересектерге арналған жоба құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайтын көпсалалы клиника, құны 150 миллион доллар болатын заманалық онкологиялық аурухана және Корея университеттерінің қатысуымен медициналық жоғары оқу орындарын құру жобалары жүзеге асыру болашақтары талқыланды.

Елші  мырза  үш мекеменің тұтас комлекс түрде бір жерде, яғни Балалар ұлттық медициналық орталығының жанынан құрылуын қолдап-қуаттап, бұл ғылым-білім мен тәжірибенің интеграциясын қамтамасыз етуге қызмет ететінін айтты.

Осыған орай, еліміз аумағында орналасқан денсаулық сақтау мекемелерін Оңтүстік Корея қаражаты есебінен 88,8 миллион АҚШ долларлық соңғы үлгідегі медицина жиһаздары мен технологияларымен қамтамасыз ету жобасы қарастырылды.

Оңтүстік Корея медицина саласы бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі екені белгілі. Бұл, ең алдымен, мемлекетте салаға білікті кадрларды дайындауда жолға қойылған инновациялық оқыту әдістері мен озық білім беру бағдарламаларына қатысты.

Осыны негізге ала отырып, тараптар елімізде біріккен медициналық білім беру бағдарламалары негізінде мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ынтымақтастықта ғылыми зерттеулер жүргізу, биотехнологиялық зертханаларды құру, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға бағытталған ұсыныстарды талқылады.

Ағымдағы жылдың август айында Самарқант қаласында Өзбекстан-Оңтүстік Корея медициналық форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.