Форум «Заманалық кезеңде Өзбекстан мен Қырғызстанда жоғары білім мен ғылымның даму ерекшелітері» тақырыбында ұйымдастырылды. Оған Қырғызстан Республикасының Білім және ғылым министрі Догдуркүл Кендирбаева басшылығындағы 30-ға жуық жоғары оқу орындарының ректорларынан құралған делегация мен Өзбекстаннан 30-дан астам жоғары оқу орындарының басшылары, министрліктер мен кеңселердің жауапты басшылары қатысты.
Конференция екі елдің жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнату, профессор-оқытушылар мен студенттер алмасуы, өзара оқу үдерістерін ұйымдастыру, білім сапасын арттыру, тағылымдамадан өту, білімін жетілдіру, және ғылыми қызметтегі ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ туризм, геология, ауыл шаруашылығы , медицина, цифрландыру және жасанды интеллект салаларында кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
Форум қорытындысы бойынша екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін 30-ға жуық өзара түсіністік туралы меморандумдарға, келісімдер мен жол картасына қол қойылды.
Сондай-ақ, конференция аясында қонақтар Самарқант мемлекеттік университетінің, Самарқант мемлекеттік медицина университетінің қызметімен және Самарқант қаласының көрікті жерлерімен танысты, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.