Самарқантта Өзбекстан-Ресей бизнес-форумы өтті

    Үстіміздегі жылдың 1 декабрінде Самарқант қаласында Өзбекстан-Ресей бизнес-форумы өтті. Оған министрліктер мен кеңселердің, облыстардың, салалық бірлестіктер мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясынан 500-ден астам жетекші компаниялар мен корпорациялардың өкілдері қатысты.

    Шарада Өзбекстан делегациясына Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев, Ресей делегациясына Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников басшылық жасады.

    Делегация басшылары өз сөздерінде елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екені, сондай-ақ біріккен инвестициялық жобалар санының тұрақты түрде артып келе жатқанына және ұзақ мерзімді сауда қарым-қатынастарының орнауына ерекше тоқталды.

    Өзбекстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өсу қарқынының оң динамикасы атап өтілді. Соңғы бес жылда елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 170 пайызға артып, 2021 жылдың соңына қарай ол үштен бірге артып, 7,5 миллиард доллардан асқан. Өзара тауар айналымының көлемін 10 миллиард долларға жеткізуге екіжақ та мүдделі екені айтылды.

    Тараптар соңғы жылдары инвестициялық ынтымақтастық және өнеркәсіптік кооперацияның жанданғанын жоғары бағалады. Өзбекстанда Ресей капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың саны соңғы 5 жылда 3 есеге өсіп, 3 мыңнан асты. Бүгінгі таңда Өзбекстанның Ресей компаниялармен мұнай-химия, энергетика, тау-кен металлургия, денсаулық сақтау және фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ жеміс-көкөніс өңдеу салаларында жалпы құны 20 миллиард доллардан астам болған екі жүзге жуық біріккен жоба жүзеге асырылды.

    Сонымен қатар, екі елдің экономикалық әлеуеті үстем бағыттарда, сонымен қатар автомобиль өнеркәсібі, химия және тоқымашылық өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қажетті жағдай туғызатыны туралы айтылды.

    Өнеркәсіптік кооперацияның жаңа жобалары мен сауда келісімдерін әзірлеу мақсатында аумақаралық кооперацияны дамыту бойынша біріккен жұмысты жалғастыру қажет екендігі айтылды. Жақын арада 2023 жылға арналған өңірлерге өзара сапарлар жасау кестесі бекітіліп, келесі үшінші Аумақаралық форумды өткізудің нақты күні келісілді.

    Бизнес-форум сарапшылық қарым-қатынастың тиімді алаңына айналды. Мұнда Өзбекстан мен Ресейдің бірқатар салаларының әлеуеті кеңінен ашылып, болашағы бар инвестициялық жобалар таныстырылды. Шара бағдарламасы аясында өнеркәсіптік кластерлерді бірлесіп дамыту, өнеркәсіптік кооперация тізбектерін, отын-энергетика желісін, өнеркәсіп пен көлікті қалыптастыру, экспорт көлемін ұлғайту, агроөнеркәсіптік кешендегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында іскерлік байланыс орнату, IT-технологияларды енгізу, сауда-экономикалық байланыстарды цифрландыру, базарларды дамыту сияқты ірі біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру сияқты үстем бағыттарға қатысушылардың назарын аударған бірнеше панель сессиялар да өтті.

    Сондай-ақ, форум аясында екі елдің іскер топтары өкілдері арасында кездесулер ұйымдастырылып, біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді сауда келісімдерін жасау мүмкіндіктері талқыланды.

    Шара аясында «Өзбекстанда өндірілген» атты көрме ұйымдастырылып, онда еліміздің бірқатар салаларындағы өнеркәсіптік әлеует көрсетілді. Көрме ресейлік бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырып, ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарын талқылауға негіз болды.

    Жалпы алғанда, бизнес-форум екі елдің іскер топтарының өкілдеріне қойын дәптерлерін жаңа серіктестер туралы ақпаратпен байытуға, жаңа жобалар мен өзара қызығушылық тудыратын бастамалардың техникалық және қаржылық жақтарын егжей-тегжейлі талқылауға, ұзақ мерзімді болашағы ортақ мүдделерді анықтауға мүмкіндік жасап, Өзбекстан мен Ресей арасындағы серіктестіктің жаңа қырларын ашады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates