Самарқантқа Ферғана өлкесінен оқытушылар тартылды

    Білім 5 Avgust 2021 834

    Самарқант облыстық халыққа білім беру басқармасының бастамасымен Ферғана облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Самарқант облысының шалғай аумақтарындағы мектепке оқытушыларға сұраныс жоғары болғандықтан және бірінші санатты педагогтарды жұмылдыру, осыған орай басқармаға өтініш жасаған оқытушыларды қабылдау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Ферғана, Наманган және Әндіжан облыстарынан оқытушылар қатысты.

    Жәрмеңкеде өтініш берген 71 педагогтың біліктілік санаты мен әлеуеті есепке алынып, 51 мұғалім Нуробод, Қушработ және Каттақурғон аудандарының шалғай және “қызыл” санаттағы мектептерге келісімшарт негізінде жұмысқа орналастырылды.

    Олардың 22-і жоғары санатты, 29-ы бірінші санатты ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиет, биология және химия, сондай-ақ математика және физика пәндерінің оқытушылары.

    Бүгінде Самарқант облысындағы шалғай әрі білім сапасы төмен 62 мектепте 269 білікті мамандарға сұраныс бар. 2021-2022 оқу жылы алдынан аталмыш сұраныс СамМУ және СамМШТИ-ын бітірген студенттер және басқа облыстардан келіп істеп жатқан оқытушылармен қамтылуда.

    Мәлімет үшін: бүгінде Самарқант облысындағы мектептерде 30 педагог басқа облыстардан және аудандардан жұмыс істеуде. Олар белгіленген құқықтық өлшем негізінде үстемеақымен қамтамасыз етілген, деп хабарлады Zarnews Самарқант облыстық халыққа білім беру басқармасы мәліметіне сүйеніп.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates