Мемлекет басшысы құттықтау жолдағандарға алғыс білдірді

    Туған күніме орай шынайы құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірген шетелдік мемлекеттер, үкіметтер мен парламенттер басшыларына, халықаралық ұйымдар жетекшілеріне, танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне, іскерлік орта өкілдеріне, еліміздегі еңбек ұжымдарына, махаллалар мен ақсақалдарға, әйелдер және жастар ұйымдарының белсенділеріне, кәсіпкерлерімізге, сондай-ақ ел ішіндегі және шетелдердегі барша отандастарыма ризашылығымды білдіремін.

    Маған жолданған бұл құттықтау мен ақ тілектерді, ең алдымен, көпұлтты Өзбекстан халқы мен мемлекетімізге көрсетілген зор құрмет пен шынайы ықыластың, сондай-ақ әлемдік қауымдастықпен тығыз ынтымақтастықта жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларымызға, ортақ жарқын болашағымызға деген сенім мен қолдаудың белгісі ретінде қабылдаймын.

    Барлық бастама мен бағдарламаларымызды әрдайым қолдап келе жатқан мәрт те жомарт халқымызға шын жүректен перзенттік алғысымды, зор құрметімді білдіру мен үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе.

    Халқымыздың қажырлы еңбегі мен қайсар рухының арқасында біз Жаңа Өзбекстанды бірге құрып, оны дүниежүзіндегі ең дамыған елдердің қатарына қосу жолында межеленген ұлы мақсаттарға міндетті түрде жететінімізге сенемін.

    Құрметпен және ең ізгі тілектермен,

    Шавкат Мирзиёев,

    Өзбекстан Республикасының Президенті

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates