Обырға қарсы өсімдік сұрпы жаратылды

    Ғылым 11 Avgust 2021 3283

    Намангандық ғалымдар обыр ауруына ем болатын өсімдік сұрпын жаратуға қол жеткізді.

    «Гожжи» өсімдігі « Итузумдошлар» тұқымдасына кіретін сұрып болып Өзбекстанда алғаш рет намангандық ғалымдар тарапынан жергіліктендірілді.

    Екі мың жылдық тарихқа ие «Гожжи» өсімдігі алғаш Қытайда өте сирек кездесетін дәрілік өсімдік ретінде таралған. Наманган инженерлік-технология институтының бір топ зерттеушілері Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Авазбек Мергановтың басшылығында осы жобаға кіріскен еді.

    Аталмыш жобасы Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму министрлігінің грант жобасы ретінде 760 миллион суммен қаржыландырылған. Жоба авторының айтуынша осы дәрілік өсімдік ұзақ жылдық өсімдік саналады. Жемісінің құрамында адам денсаулығы үшін пайдалы бір қатар заттар бар.