Бұл туралы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі хабарлады.

Тәртіпке сәйкес, SAT емтиханынан 1200 және одан жоғары балл жинаған талапкерлерге  қосымша мемлекеттік грант орындары күндізгі оқу формасындағы, пәндер кешені «математика» және «шетел тілі» болып табылатын бакалавриат бағыттары қабылдау параметрінің 50 пайызы көлемінде бөлінеді.

Қаулыға орай      :

егер қабылдау параметрінің 50 пайызы бүтін сан болмаса, қосымша грант орындары жоғарыға дөңгелектенеді;

жеңілдік тізімінен өтуде «математика» және «шетел тілі» пәндерін таңдаған әрі 2026 жылғы 25 маусымға дейін ( сол күні де) DI-код арқылы SAT сертификаты Білім және біліктілікті бағалау агенттігіне жеткізілген талапкерлер пайдалана алады;

қосымша мемлекеттік грантқа іріктеу кезінде негізгі өлшем ретінде SAT сертификатындағы балл есепке алынады;

талапкерлер таңдаған беске дейінгі жоғары оқу орны мен білім беру бағытына SAT балдарының қатаң реті бойынша ұсынылады;

егер қосымша гранттың соңғы орнына ұсынылған талапкермен кейінгі талапкер(лер)дің SAT балымен тең болса, олар да студенттікке ұсынылады;

SAT сертификатына ие талапкерлер аталған жеңілдікті пайдалану немесе тест нәтижелері негізінде жалпы тәртіппен конкурсқа қатысу тәсілдерінің бірін өз бетінше таңдай алады;

SAT арқылы таңдалған бес бағыттың ешқайсысына ұсынылмаған талапкерлер үшін бос қалған қосымша грант орындарына қабылдау нәтижелері жарияланғаннан кейін бір апта өткен соң, тағы бір апта бойы қайта тіркелу мүмкіндігі беріледі;

Білім мен дағдыларды бағалау агенттігінің жазбалары аталған талапкерлерді студент қатарына қабылдау жөніндегі тиісті құжаттарды рәсімдеуге негіз болады.