Атап айтқанда, Сауд Арабиясының «ACWA Power», «Al Rajhi», «Dr. Sulaiman Al-Habib», «Saudi German Hospitals», «Saudi National Bank», «Maaden», «Dar Al Arkan» және «Al Hokair» компаниялары басшыларымен келіссөздер жүргізілді.

Жеміс-көкөніс және мал шаруашылығы, пайдалы қазбаларды қазып алу және өңдеу, тоқымашылық өнеркәсібі мен құрылыс салаларындағы жаңа жобаларды жүзеге асырудболашағы жан-жақты және конструктивті түрде қаралды.

Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, нақтама қою, оқу және ғылыми-зерттеу бөлімдерін бірлестірген көптармақты мекемелер мен медициналық кластерлерді ашу, сондай-ақ медициналық қызметтерді цифрландыру саласында ынтымақтастық жасау туралы алғашқы келісімдерге қол жеткізілді.

Өзбекстанның коммерциялық банктерін жекешелендіруде Сауд Арабиялық банктер өкілдерінің қатысуы арқылы олармен ынтымақтастық жасау мүмкіндіктері талқыланды.

Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жолаушы және жүк авиатасымалының көлемін арттыру іс-шаралары да қарастырылды.

Тараптар алдағы уақытта нақты келісімдерге қол жеткізу және тиісті келісімдерге қол қою мақсатында басшы мен сарапшылар деңгейінде тығыз ынтымақтастық пен келіссөздерді жалғастырады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.