Кездесуде Корольдіктегі 6 ірі инвестициялық компания басшыларының (K-dot Partners, Maharah HRC Co., Classera, Ejzal, Royal Commission for Jubail & Yanbu, Food Purity Foundation) үстіміздегі жылғы13-15 июнь күндері Ташкентке сапарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Сұхбат басында Файсал ал-Довуд Өзбекстан мен Саудия Арабиясы арасындағы ынтымақтастық байланыстары жеделдеп, өзара сапарлар алмасуы артып келе жатқанына ризалық білдіріп, бұған мысал ретінде Саудия Арабиясының инвестиция министрі Холид ал-Фалихтың екі рет Өзбекстанға сапары және Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзоқов басшылығындағы делегацияның Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары жоғары деңгейде және нәтижелі өткені айрықша айтылды.
Сауд Арабиясы үкіметінің соңғы жылдары Өзбекстанмен қарым-қатынасты барлық салаларда жеделдетіп, оны жоғары деңгейге жеткізуге қаратылған назарды ризалықпен тілге тиек етілді. Мұның іс жүзіндік нәтижесі ретінде қазіргі таңда Саудия Арабияның көптеген инвестициялық компаниялар мен шіркеттері өзбек тарапымен ынтымақтастықты дамытуға, инвестиция, импорт және экспорт көлемін кеңейтуге және инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екені атап өтілді.
Сондай-ақ компания өкілдерінің Өзбекстанға іссапарының мақсаты екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту және жобаларды өзбекстандық мамандармен талқылау негізінде инвестиция салу екенін айтты. Компаниялар денсаулық сақтау, логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, тоқымашылық өнеркәсібі, құрылыс, білім беру, инновация және энергетика салаларында ынтымақтастыққа дайын және компания өкілдерінің бұл салада тәжірибесі жеткілікті екенін білдірді.
Кездесу аясында дипломатиялық өкілеттіктің басшысы тарапынан Өзбекстанның инвестициялық және экспорттық әлеуетіне арналған тұсаукесер өтті. Атап айтқанда, Өзбекстанда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар мен іскерлер үшін жасалып жатқан кең мүмкіндіктер мен жағдайлар туралы толық мағлұмат беріліп, «Investor Guide» хабарламасы мен инвестициялық жобалар жинағы таныстырылды.
Саудия Арабиясы делегациясының Өзбекстанға алдағы сапары барысында республиканың бірқатар министрліктері мен кеңселері, сондай-ақ жергілікті жеке компаниялармен кездесулер өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Дунё».









