Атап айтқанда, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтар қауіпсіздігі, демократия және адам құқықтары мәселелері бойынша орынбасары Узра Зеямен кездесу кезінде тараптар елдегі мәжбүрлі еңбекті жою, адам саудасының алдын алу және оған шек қою, ауыл шаруашылығы саласын реформалау, бұл жөнінде халықаралық құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастық жасау бойынша қаралып жатқан құқықтық және институционалдық іс-шаралар талқыланды.
Мемлекеттік хатшының орынбасары еліміздің мәжбүрлі еңбекті жоюға бағытталған іс-әрекеттерін жоғары бағалады, Өзбекстан қысқа мерзімде үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін, Америка Құрама Штаттар еліміздегі өзгерістердің оң динамикасын қолдап-қуаттауды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Оның пікірінше, қол жеткізген жетістіктер тоқымашылық саласында әлем базарында Өзбекстанның бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.
У.Зея Мемлекеттік департаменттің адам саудасы туралы баяндамасында Өзбекстанның орны «бақылаудағы тізімнен» екінші дәрежеге (Tier-2) көтерілуін құттықтап, осы іс-әрекеттер жалғасын табатынына үміт білдірді.
Кездесу соңында тараптар Өзбекстандағы еңбек қатынастарын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.