Сенат Төрайымы Самарқантта “БҰҰ-Әйелдер” құрылымының аймақтық директорымен кездесті

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Самарқант қаласында өтіп жатқан Азия әйел-қыздар форумына қатысу үшін елімізге келген “БҰҰ-Әйелдер” құрылымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директоры Белен Санс Лукемен келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде Өзбекстанның БҰҰ және оның мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастық қарым-қатынастар тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткені атап өтілді. Әсіресе, соңғы жылдарда гендерлік теңдік, әйел-қыздардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытында “БҰҰ-Әйелдер” құрылымымен ынтымақтастық жаңа басқышқа көтерілгені айтылды.

    Диалог кезінде Әйел-қыздардың қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссиямен құрылым арасындағы біріккен жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, гендерлік бюджеттендіру, гендерлік статистикасы және гендерлік аудит бағыттарында өзара тәжірибе үйрену мен озық тәжірибені енгізу бойынша пікір алмасылды.

    Қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы тиісті құжат жобасын әзірлеу, онда нақты бағыттарды белгілеуге келісілді, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates